Басты бет Айтыскер ақындар ЕСЖАНОВА Маржан Бегежанқызы

ЕСЖАНОВА Маржан Бегежанқызы

 772 0

Маржан Е                ЕСЖАНОВА Маржан Бегежанқызы

  Оңтүстік Қазақстан облыстық Б. Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры 

      1971 жылы 25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ескі Шілік ауылында туылған. Отырар ауданындағы М. Шаханов атындағы мектепте білім алған (1978-1988). М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған (1990-1995). Еңбек жолын осы білім ордасында лаборант болып бастаған (1989-1996). Қ. А. Иассауи атындағы Халықаларық қазақ түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде оқытушы (1996-2003), аға оқытушы (2003-2007) қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап Б. Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп интернатының директоры.
     1998 жылы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің ғылыми кеңесінде «Қазақ поэзиясындағы Желтоқсан оқиғасының көрінісі» атты диссертациялық тақырыбы бекітілген. 14 ғылыми мақаланың, «Шешендік қасиетті өнер» атты кітаптың авторы. 2006 жылы облыста «Жылдың үздік ақыны» атанған. 2010 жылы «Жақсыларды жыр еттім» атты жинағы жарық көрген.
    Облыстық айтыста І-орын (1989), Қарағанды қаласында өткен «Сарыарқа-1990» студенттер айтысында ІІ-орын (1990), М.Мақатаевтың 60 жылдығына арналған студенттер айтысында ІІ-орын (1991), студенттер айтысында бас бәйге (1992), Республикалық Наурыз айтысында ІІ-орын (2004), Байқоңыр қаласында Ресейдің Қазақстандағы жылына байланысты өткен республикалық айтыста бас бәйгені (2004) жеңіп алды. С.Ерубаевтың 80, Н.Оңдасыновтың 100, Молда Мұса Байзақұлының 150, Т.Рысқұловтың 110 жылдық мерейтойларына орай өткізілген республикалық айтыстарда жүлделі орындарды иеленді. Ұстаздары Жұмагүл Нәлібаева, Әселхан Қалыбекова.

 МАРЖАН ЕСЖАНОВА МЕН БАЛҒЫНБЕК ИМАШТЫҢ АЙТЫСЫ. 2005 ж. (БЕЙНЕ)

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *