Басты бет Айтыскер ақындар ЖАҒЫПАРҰЛЫ Бақыт

ЖАҒЫПАРҰЛЫ Бақыт

 422 0

<frsnЖАҒЫПАРҰЛЫ Бақыт


1975 жылғы 2 маусымда Алматы облысы, Райымбек (Нарынқол) ауданы, Шәлкөде аулында дүниеге келген. 1982-1992жж «Шәлкөде» орта мектебінде орта білім алған.
1992-1993жж «Шәлкөде» Орта мектебінде айтыс үйірмесінің жетекшісі және лоборант қызметін атқарған. 1993-1997жж. Т.Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтында кино тану мамандығы бойынша білім алған. 1998-2002 жылдары Қазақ радиосында комментатор, редактор, 2001 жылы Қазақстан ұлттық арнасында «Таң шолпан» бағдарламасының жүргізушісі, 2003-2004 жылдары НТК арнасында Ақпарттар қызметі бас редакторының орынбасары, «Түйін» апталық-сараптамалық бағдарламасының жауапты редакторы әрі жүргізушісі, 2005 жылы 31-ші арнада «Дода» ток-шоуының редакторы, 2005 жылы Алматы телеарнасы «Жаңалықтар» қызметінің редакторы, 2006-2008 жылдары Қазақ радиосының жастар редакциясында редактор-жүргізуші, бөлім бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары Қазақ радиосында «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарған. 2012 жылдың қазан айынан осы күнге дейін Қазақ радиосының Алматы бөлімшесінде редактор. «Әнуарбек Байжанбаев және Бейбіт Құсанбек» атындағы сыйлықтардың иегері. Көптеген республикалық ақындар айтысының жүлдегері. 2011 жылғы Астанада өткен Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *