Басты бет Жаңалықтар «Отан отбасынан басталады» атты айтыстың бейненұсқасы. 1, 2 бөлімдері
«Отан отбасынан басталады» атты айтыстың бейненұсқасы. 1, 2 бөлімдері

«Отан отбасынан басталады» атты айтыстың бейненұсқасы. 1, 2 бөлімдері

 331 0

30 қыркүйек күні Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өткен болатын. Бұл айтыстың басты ерекшелігі бір отбасынан шыққан ақындардың өзара бақ сынасуы болған еді.Отбасылық сөз сайысында еліміздің бірқатар өңірінен келген 7 жұп өнер көрсетті. Атап айтқанда, айтыскер ана Егеухан Мұқамәдиқызы (Дәулеткерей Кәпұлының анасы) немересі, жас талант Ардакерей Кәппен, ақын Қайыртай Ақылбеков ұлы Рүстем Қайыртайұлымен, Бекарыс Шойбеков інісі (ағасының ұлы) Дәурен Ақсақаловпен, Иран-Ғайып Күзембаев ағасы Талғат Күзембаевпен, Амангелді Панабердиев ағасы Серікбол Панабердиевпен, Бекжан Ержігіт ағасы Ержан Әміровпен және Дидар Қамиев інілері Ұланғасыр, Айдар Қамиевтермен айтысты.

 Нәтижесінде әйгілі театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен Қайыртай Ақылбеков мен Рүстем Қайыртайұлының жұбы бас жүлде 3 миллион теңгені еншіледі. Екінші орын (2 миллион теңге) әже мен немере болып сахнаға шыққан Кәп әулетіне бұйырса, үздік үштікті (1 миллион теңге) ағайынды Қамиевтер түйіндеп, айтысқа қатысқан басқа да ақындарға қаржылай сый-сияпат көрсетілген болатын. 

Назарларыңызға айтыстың ақпараттық демеушісі «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы түсірген «отбасылық айтыстың» 1, 2 бөлімдерін ұсынамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *