Басты бет Жаңалықтар Елордада тұңғыш рет республикалық тіл форумы өтіп жатыр
Елордада тұңғыш рет республикалық тіл форумы өтіп жатыр

Елордада тұңғыш рет республикалық тіл форумы өтіп жатыр

 137 0

Елордада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты республикалық тіл форумы өтіп жатыр.

Тіл форумына еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам өкіл, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, зиялы қауым өкілдері және білім, ғылым, бизнес, БАҚ, сондай-ақ басқа да сала мамандары қатысуда.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Әсіресе, тіліміздің қоғамдағы қызметін арттырып, оның әлеуетін көтеру ісі біздің жіті назарымызда. Жаңа әліпбиге көшу – жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа. Осы реформаны жүзеге асыру барысында міндеттерді айқындау және атқарылған жұмыс нәтижелерін насихаттау – рухани әрі саяси маңызды факторлардың бірі. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тектіктерін іске қосу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оның жолдарын анықтау, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру — бүгінгі форумның міндеті», — деді Мәдениет және спорт министрі.

Кешке дейін жалғасатын Мәжілісте қазақ тілін тек руханиятта емес, бизнес, ғылым, заңда да жаппай қолдану мәселесі талқыланады. Тілді меңгертудің заманауи әдістемесі, жаңа әліпби емлесі осы форумға арқау болмақ. Латын алфавитін, мемлекеттік тілді тиімді әрі оңай жолмен үйрететін интерактивті құралдардың көрмесі де ұйымдастырылды. Форумда айтылған ұсыныс, көтерілген бастамалар негізінде қарар қабылданбақ.

Фоторепортаж:

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *