Басты бет Жаңалықтар Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған «Әнім қалсын» атты кеш өтті
Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған «Әнім қалсын» атты кеш өтті

Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған «Әнім қалсын» атты кеш өтті

 118 0

Қазақ Ұлттық өнер университетінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері — Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерт өтті.

Шығармашылық кешке ақынның ұрпақтары мен ҚР мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, ғылым саласының өкілдері, өнер саласының майталмандары, шығармашыл зиялы қауым мен жастар өкілдері қатысты.

Концертті «Сағынып сәлем жаздым Мырзатайға,

Жігітсің сөзге шешен, тілің майда.

Қормалы, қорғаушы боп ақындарға,

Маған да көп еңбек қып тиді пайдаң», – деп жырлаған Кенен Әзірбаев атамыздың мұрасын жинақтаушы, ұлт руханиятының жанашыры, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Мырзатай Жолдасбеков бастап ашып, Кенен атамызбен бірге өткізген 10 жылдай уақытында жинаған естеліктерімен бөлісіп, елге баяндап берді.

Мерекелік кешке Кенен атамыздың ұлы «Қазақстан жазушылар және журналисттер одағының» мүшесі, белгілі қаламгер, аудармашы, сазгер Бақытжан Кененұлы да қатысып, ақын атамыз жайлы тың ақпараттармен бөлісті.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, ҚазҰӨУ проректоры Қымбат Тілеуова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасы, «дәстүрлі жыр» мамандығының 3 курс студенттері Маратов Еламан, Кеңес Толғанай, Қуанбек Елбол сынды жас әнші, жыршылар өнер көрсетіп, Кенен атамыздың әндерін орындады. Күйші  Нұркен Әшіров пен Батырлан Әбенов бірнеше күйлер орындап, тыңдармандарды бір серпілтті. Жазгүл Даңылбаева, Клара Төленбаева, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Ерболат Шалдыбеков сынды елімізге танымал мәдениет майталмандары өнер көрсетіп Кенен әндерін кемеліне келтіре орындап, кештің көркін қыздырды. 

Сондай-ақ, биыл ақынды еске алу мақсатында еліміздің 9 қаласында 17 іс-шара өтетіндігін естеріңізге саламыз.

Мұхит БАБАҚҰЛ                                                                                                                aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *