Басты бет Жаңалықтар Батыстық үздік жыршы, термешілер анықталды
Батыстық үздік жыршы, термешілер анықталды

Батыстық үздік жыршы, термешілер анықталды

 184 0

«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» бастамасы һам демеушілігімен, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастырумен кезекті іс-шарамыз сәтті, табысты әрі жоғары деңгейде өтті. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келген 18-40 жас аралығындағы 4 жыршы мен 4 термеші Жайық жұртын бабалардың бай рухани мұрасымен сусындатты. Тарихымыз бен тағылым дәстүрімізді көрсетіп, өткеннің өнегелі жолына назар аудартты. Сарапшылар Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Фархат Оразовты «Үздік жыршы» деп таныды. Оған қор атынан 120 000₸ сыйақы берілді. Ал Маңғыстаулық Әзімхан Адай «Үздік термеші» ретінде 90 000₸ сыйақыға ие болды. Басқа жыршының әрқайсысы 100 000₸, термешілер 70 000₸ сыйақы алды. Оны «З.Сәнік қоры» тағайындады. Сәтті шараға қолдау көрсеткен Қадыр орталығы мен өнерпаздарға алғыс!
Орал қаласы, 2019ж, 25-қазан. 

Ақпарат Жарқын Сәленұлының фейсбук паракшасынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *