Басты бет Айтыскер ақындар ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл Серікбайұлы

ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл Серікбайұлы

 733 1

Есенқұл Ж ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл Серікбайұлы

(1954-2013)

      1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Қазіргі таңда Ұзынағаш ауылында Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы қызметін,. әрі Жамбыл ауданындағы Өнер мектебі ақындар сыныбының тәлімгер ұстазы қызметін атқарды. 

      Қазақстанға танымал ақын, жазушы, шебер журналист, сазгер. Білікті басшы және тәлімгер ұстаз.     Айтыскер ретінде де кеңінен танымал суырыпсалма ақын Есенқұл Жақыпбековтың Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова және қырғыз елінің халық ақыны Әшірәлі Айталиевпен болған айтыстары айтыстың классикалық үлгісі ретінде есте қалды. Айтыс сахнасында 30 жылдан астам уақыт тер төкті.
           Ақынның екі жүзге жуық өлеңдеріне ән жазылған. Өзі шығарған әндері де халық арасына кеңінен таралған.
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, телевизиялық айтыстың тұңғыш жеңімпазы (1984), Біржансал атындағы сыйлықтың иегері. Есімі «ХХІ ғасыр жазушылары» энциклопедиясына және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығына енген. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің «10 жылдығы» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2010), «10 жыл Астана» (2008) және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен марапатталған. ҚР Президенті стипендиясының иегері.
      «Қарлығаш» топтама жинақ (1984), «Бастау» (1984), «Ағымнан жарыламын» (1987), «Біз екеуміз» (1990), «Жеріңе табын» (1994), «Жанқисса» (1996), «Есіл дүние-ай» (1996), «Біздің елдің жігіттері» (1999), «Бұл жаз да өтер» (2001, «Тау басында кәрі қар» (2005), «Сарғайған сары терезе» (2007), «Жетісу жырлайды», топтама жинақ (2006), «Тазқара құстың тағдыры» өлеңдер жинағы (2012) кітаптарының авторы. 2013 жылы өмірден өтті.

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ ПЕН КӨПБАЙ ОМАРОВТЫҢ АЙТЫСЫ. 1984 Ж. (БЕЙНЕ)

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ ПЕН ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВАНЫҢ АЙТЫСЫ. 1984 Ж. (БЕЙНЕ)

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *