Басты бет Жаңалықтар Қызылордада «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді
Қызылордада «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қызылордада «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

 98 0

«Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  Тіл саясаты комитеті «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ  «Текті сөздің төресі — терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.

            Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты — жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.                                                       
         Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
         Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы,  89,  Қазыбек би көшесі, 21, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.

Өткізілетін уақыты:  2019 жылғы  9 қараша, сағат – 14:00

Байланыс телефоны: 8778 805 8059

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *