Басты бет Айтыскер ақындар ЖАМАНОВ Төлеген Нұрланұлы

ЖАМАНОВ Төлеген Нұрланұлы

 593 0

выпыЖАМАНОВ Төлеген Нұрланұлы

1978 жылы 1 сәуірде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қарағаш ауылында дүниеге келген. Ақтүбек орта мектебін бітірген (1995). Алматыдағы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факльтеті бойынша білім алған (1996-2000).әл Фараби атындағы университеттің тарих факультетінің магистратурасын бітірген (2001-2003). Бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері. Студенттер сарайында өткен Алматы қаласындағы студенттер айтысының бірінші орын жүлдегері (2000).

     Жезқазған қаласында өткен «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өткен республикалық ақындар айтысының І орын (2001), Осы жылы Қарағанды қаласында өткен «Армысың әз Наурыз» аттты облыстық айтыстың бас жүлде, Жезқазған қаласында өткен республикалық айтыстың ІІІ орын (2007), Сәтпаев қаласында өткен «Шындықтың шырқау шыңы» атты Шымболат Дәлдебаевтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының ІІ орын (2008), Ақтоғай ауданының 80 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлде (2009), Тараз қаласында өткен Кенен Әзірбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының ІІ орын иегері.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *