Басты бет «Ел айбыны, жыр айдыны - Алакөл» «Ел айбыны, жыр айбыны — Алакөл» айтысының бейненұсқасы. 2-жұп. Рүстем Қайыртай мен Саягүл Бірлесбек
«Ел айбыны, жыр айбыны — Алакөл» айтысының бейненұсқасы. 2-жұп. Рүстем Қайыртай мен Саягүл Бірлесбек

«Ел айбыны, жыр айбыны — Алакөл» айтысының бейненұсқасы. 2-жұп. Рүстем Қайыртай мен Саягүл Бірлесбек

 94 0

     Үржар ауданы әкімдігінің қолдауымен «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының ұйымдастыруымен әйгілі Алакөл жағасында «Ел айбыны, жыр айбыны — Алакөл» атты республикалық ақындар айтысы өткен болатын. Еркебұлан Қайназаров, Мақсат Ақанов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев бастаған 14 жыр сүлейі қатысқан сөз барымтасының тағы бір ерекшелігі жергілікті өңірден де бірнеше жаңа ақындар қатысқан еді.

         Айтысты Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізіп, алты алаштың басы қосылған Алакөлдегі айтыс жоғары деңгейде өткен болатын.

         Нағыз рухани демалыс сыйлаған айтулы айтыстың бас жүлдесін Еркебұлан Қайназар иеленіп (1000000 т), І орынды Аспанбек Шұғатаев (700000 т) алса, 2 орын Рүстем Қайыртайға бұйырды (500000т). Сонымен бірге, 3 орынға Талғат Мықи, Мақсат Аханов (300000) тұрақтады. Қалған 9 ақынға 200000 теңгенің қаржылай сертификаттары табыс етілген болатын.

     Назарларыңызға айтыстың екінші жұбы Рүстем Қайыртай мен Саягүл Бірлесбектің айтысының бейненұсқасын ұсынамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *