Басты бет Жаңалықтар Сәтпаев қаласында тұңғыш Халықаралық жастар айтысы өтеді
Сәтпаев қаласында тұңғыш Халықаралық жастар айтысы өтеді

Сәтпаев қаласында тұңғыш Халықаралық жастар айтысы өтеді

 623 0

«Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәтпаев қаласында геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтпаев пен әнші, ақын Тайжан Қалмағамбетовтың 120 жылдық мерейтойына орай тұңғыш Халықаралық жас ақындар айтысы өтетін хабарлаймыз.

Дүбірлі додада еліміздің барлық аймақтарынан және Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық республикаларынан жалпы саны 18 жас ақын қатысып, бақ сынасатын болады.

Айтысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізетін болады.

Өтетін орны және уақыты:

Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы

29-қараша күні 14:30-19:00

30 қараша күні 11:00-15:00

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *