Басты бет Айтыскер ақындар ЖҰМАҒҰЛОВ Айтбай Ботпайұлы

ЖҰМАҒҰЛОВ Айтбай Ботпайұлы

 623 1

еЖҰМАҒҰЛОВ Айтбай Ботпайұлы
Филология ғылымдарының кандидаты


1975 жылы 7 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарқұдық ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі (1995-1999). Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1999-2000), Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.
Бірнеше облыстық, аймақтық, Республикалық айтыстардың жүлдегері. «Елбасының жолдауы елдіктің арқауы» атты республикалық айтыста жүлделі 1 орын (Атырау, 2005), Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық айтыста ІІІ орын (2006), Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында өткен Бұқар жырау Қалқаманұлының 340 жылығына арналған Республикалық айтыста Бас жүлде (2008), Алматы облысы Бақанас ауданының 80 жылдығына арналған Республикалық айтыста жүлделі ІІІ орын (2008), Ақмола облысының 70 жылдық мерейтойына және Қөкшетау қаласының 185 жылдық құрметіне арналған Республикалық айтыста ІІІ орын (2009), Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған «Сүйем сені, туған ел…» атты Республикалық айтыста ІІІ орын (Қарағанды, 2011) иеленді.

Пікірлер(1)

  1. Онериниз орге таси берсин Казактын мунын мундап жырын жырлап журе бериниз!Алла разы болсын сизге!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *