Басты бет Жазбанұсқа А.Шұғатай: «Бір тірі қазақ болмай тұр, Өлген орысты жеңетін!»
А.Шұғатай: «Бір тірі қазақ болмай тұр, Өлген орысты жеңетін!»

А.Шұғатай: «Бір тірі қазақ болмай тұр, Өлген орысты жеңетін!»

 56 0

 Аспанбек Шұғатай: 

Ал, бір өлең бастайын,

Алланың сұрап медетін.

Жайылып жатқан жұрт едік,

Он сегіз мың ғаламды

Өз үйіндей көретін.

Ұлтым деген ұлдарды,

Күліп жүріп өлтіріп,

Жылап жүріп көметін.

Павлодар пейіш төріміз,

Ерлері түгіл бұл елдің,

Ертісі бір мұң төгетін.

Көк бөрілердің мекені,

«Көк көздің» сөккен көк етін.

Көкелер тәуелсіздік деп,

Бөденедей кеудесін,

Керегедей керетін.

Атым «Павел» боп тұрса,

Азаттық менің не бетім?!

Онсыз да солар жұртымның,

Жетпіс жыл бойы үстінен,

Үргізбеп пе еді төбетін?!

Орыстар емес бұл жерде,

Орта жүз өсіп, өнетін.

Күн келген шығар бізге де,

Атамыздың атын беретін.

Бір тірі қазақ болмай тұр,

Өлген орысты жеңетін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *