Басты бет Жаңалықтар Ахметжан Өзбеков жаңа қызметке тағайындалды
Ахметжан Өзбеков жаңа қызметке тағайындалды

Ахметжан Өзбеков жаңа қызметке тағайындалды

 50 0

Жамбыл облысы әкімі Асқар Исабекұлының тікелей тапсырмасымен Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы директордың орынбасары болып  Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағынның Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы,  Мәдениет саласының үздігі, азулы айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков тағайындалды.
Ахметжан ағамыздың бір өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

ЖАЗҒЫ КЕШ

Ауыл кеші рахат қой расында,
Отбасыңмен дастарханның басында.
Отырамыз ұзақ сонар шәй ішіп
Саясы мол сәмбі талдың қасында.

Арқандалып әнгі ниет есебі,
Ақырады көршіміздің есегі.
Биік өкшелі бикеш ұқсап бір байтал
Билеп барады тықылдатып көшениі.

Иттер ,ріп, бұзау, сиыр мөңіреп,
Азан-қазан шу болып кетті төңірек.
Мал қайтарған келіншектің етегін
Жас баласы жібермиді еңіреп.

Ғгімені жалғастырып кешегі,
Жантаямын қолыма алып кесені.
Қаймақ қатқан қою шәйдің бетінен
Бұыра бұлттар баяу жылжып көшеді.

Боз жусанның исі аңқыған даланың,
Мойыныма асылдырып самалын.
Бүлттар жүзген қою шәйді жұтқанда
Көк аспанды сіміргендей боламын.

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *