Басты бет Жаңалықтар А.Шұғатай: «Келесі кезек Павлодар!»
А.Шұғатай: «Келесі кезек Павлодар!»

А.Шұғатай: «Келесі кезек Павлодар!»

 66 0

Аспанбек Шұғатай: 

Кереку деген хан базар,

Жоққа-жоқ, бізде барға-бар.

Бұл жерде түрлі сауда бар,

Бітпеген қанша шаруа бар.

Жарқылдаған төрлерде,

Қарқылдаған қарғалар.

Қарапайым қазағы,

Бір тілім болған нанға зар.

Кіреукелі жігіттер,

Кредит алып жан бағар.

Ту ұстар ерлер базарда,

Қолында ағаш, арба бар.

«Аюмен доспын» дегенмен,

Сүйекте қалған таңба бар.

Орыс десе ойымда,

«Орақ пенен балға» бар.

Батырлар қайда баяғы,

Атасы басқа дұшпанды

Ат үстінен аударар.

Жалауымызды көтерсек,

Табанымызды жау жалар.

«Рухани жаңғыру» деген,

Жазылып қойған заңда бар.

Арыстар келсе далама,

Намыстар қайта жанданар.

Алашқа болсын Алла жар,

Қалауын тапса қар жанар.

Он үш көшеден құтылдық,

Келесі кезек Павлодар!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *