Басты бет Жаңалықтар Алматыда республикалық оқушылар айтысы өтті
Алматыда республикалық оқушылар айтысы өтті

Алматыда республикалық оқушылар айтысы өтті

 553 0

     Алматы қаласында Абай атындағы мектеп-интернаттының ұйымдастыруымен, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ қолдауымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты ІІІ республикалық оқушылар айтысы өтті. Аталған білім ордасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жыр бәйгесіне «Асылтас» қоғамдық қоры демеуші болды. Дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен келген он алты оқушы бақ сынады. Жас дарындарға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман және айтыскер ақын, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев, «Тас Кредит» ЖШС директоры, «Асылтас» қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев, белгілі айтыскер ақындар Талант Арғынғали мен Аслан Ғафуровтар баға берді. Жас жүйріктер хакім Абай атамызды жырларына арқау ете отырып, әзіл-қалжың аралас тамаша, тартысты айтыстар көрсетті.

     Қазылар шешімі бойынша Бас жүлдені Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан келген Төлеген Айқын, Жүлделі Бірінші орынды Абай атындағы мектеп-интернаттының оқушысы Қанапия Алтынай, Екінші орынды Түркістан қаласынан келген Болат Тәңірберді және Алматы облысынан қатысқан Асылбекқызы Айым, Үшінші орынды Қызылорда қаласынан келген Піржан Сандыбай, Ақтөбе облысынан келген Құлшар Бекзат және Абай атындағы мектеп-интернаттының оқушысы Қазыбек Жалғас қанжығалады. Жүлделі орын иеленге ақындар ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Көкшетаудан келген Нұрғиса Елешке, Солтүстік Қазақстаннан келген Аяған Диасқа, Алматы облысынан қатысқан Жұмабек Ерасылға арнайы жүлде бұйырды. Қалған бес ақынға шабыттандыру сыйлығын тапсырылды. Жыр бәйгені қортындылаған айтыстың атасы Жүрсін Молдашұлы жас дарындарға батасын берді. Айтыста сөз алған Абай атындағы мектеп-интернат директоры Роза Ербозымқызы Сексенова барлық қатысушы ақын мен жетекшілеріне және қазылар алғасының құрамына алғыс хат тапсырып, алғысын білдіп, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман мен айтыс жанашыры, кәсіпкер Дулат Тастекеевтің иығына шапан жапты. Роза Ербозымқызы жақсы өнер көрсеткен Түркістанның жас ақыны Болат Тәңірберді мен Шиелінің ақыны Төлеген Айқынды аталған білім ордасына оқуға шақырды.

Фоторепортаж:

Шұғайып Сезімхан                               aitysker.org              

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *